Турдың болжамды бағдарламасы:
- Алматы қаласына панорамалық экскурсия: 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағы, Вознесенск (Зенков) кафедралды соборы, Республика алаңы және Тәуелсіздік монументі;
- Түрлі ұлттық дәм мен ерекше атмосфераға толы Жасыл базарға бару;
- Көктөбе төбесіне аспалы жол (канат жолы) арқылы көтерілу;
- Қаланың көркем панорамалық көріністерін тамашалап, еркін уақыт өткізу.
Турдың сипаттамасы:
Алматы қаласының ең көрнекті орындарын аралайтын шолу экскурсиясы.
Сіз 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағын, ағаштан салынған бірегей Зенков соборын, Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументін аралап көресіз. Сонымен қатар, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін сезінуге мүмкіндік беретін ерекше Жасыл базарға барасыз.
Экскурсияның соңында аспалы жолмен Көктөбе төбесіне көтеріліп, Алматы қаласының әсем панорамалық көріністерін тамашалайсыз.
Құнына кіреді:
- Әуежай – қонақүй – әуежай трансфері;
- Бағдарламаға сәйкес көлік қызметі;
- Бағдарламаға сәйкес кәсіби гид қызметі;
- Бағдарламадағы барлық кіру билеттері;
- Әр адамға 1 литр ауыз су.
Құнына кірмейді:
- Жеке шығындар;
- Алкогольді ішімдіктер;
- Тамақтану;
- «Құнына кіреді» бөлімінде көрсетілмеген өзге де қызметтер.
Туристерге ұсыныстар:
- Ыңғайлы киім мен аяқ киім;
- Бас киім;
- Күннен қорғайтын құралдар;
- Фотоаппарат;
- Қолма-қол ақша (қажет болған жағдайда);
- Жақсы көңіл күй.
Ұзақтығы: 1 күн
Өткізілу мерзімі: Жыл бойы