Билеттерді қайтару ережесі

Іс-шараларды ұйымдастырушылар/Кинотеатрлар Клиенттің сатып алған билетті қайтаруы бойынша мынадай қағидаларды белгіледі.

  1. Билеттер:
    • Іс-шара басталғанға дейін 48 сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Kinoforum 15 (Forum ССО) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 15 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Eurasia Cinema 7 кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Keruen Cinema (Talan Gallery) кинотеатрында билеттер қайтарылмайды;
    • Арсенал 3D (Атырау) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Aru Cinema кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Arman Asia Park (Астана) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Galaxy Cinema кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Festival Cinema Dolby Atmos 3D кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Арман (Asia Park ССО) (Алматы) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Арман 3D (МART ССО) (Алматы) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Арман 3D кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда (Алматы қ., Достық даңғ.);
    • Cinema Alem кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Smart Cinema кинотеатрында билеттер қайтарылмайды;
    • Kinoalem кинотеатрында билеттер қайтарылмайды;
    • Esentay сinema (Сәтбаев қ.) кинотеатрында билеттер қайтарылмайды;
    • Арсенал (Астана) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Dostar Cinema кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Step Cinema кинотеатрында билеттер қайтарылмайды;
    • «P2P» тәуелсіз театрында спектакль басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Irtysh Cinema Dolby Atmos кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Cinema Park (Ақсай қ.) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Көркем кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 1 (бір) сағаттан аз уақыт қалғанда;
    • Left Cinema (Қызылорда) кинотеатрында сеанс басталғанға дейін 30 минуттан аз уақыт қалғанда;
    • Сеанс/іс-шара басталғаннан кейін;
    • Билеттерді валидациялау жүргізілгеннен кейін (билеттер есік алдында тексерілгеннен кейін);
    • Билеттерді ұйымдастырушының кассасында басып шығарғаннан кейін қайтарылмайды;
    • Егер билеттерді қайтару Іс-шара ережелерінде көзделмесе.
  2. «Halyk Finservice» ЖШС билетті қайтару кезінде сервистік алымды ұстамайды. Билетті қайтару кезінде сервистік алымды келесі ұйымдастырушылар/кинотеатрлар өздерінің ішкі ережелеріне сәйкес алады:
    • Kinopark / Kinoplexx желісі (Билетті қайтарған кезде ұсталатын келесі Сервистік алымды орнатуға құқылы: Билет (тер) Сеанс басталғанға дейін бір сағаттан асатын уақытта қайтарылған кезде – Билет (тер) құнының 10% (он пайызы) мөлшерінде, Билет (тер) сеанс басталғанға дейін бір сағаттан аз уақыт бұрын қайтарылған кезде – Билет (тер) құнының 20% (жиырма пайызы) мөлшерінде.)
  3. Билеттер ішінара қайтарылмайды.
  4. Билетті басқа билетке ауыстыру мүмкін емес.
  5. Клиентке ақшаны қайтару төлем жасалған төлем картасына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  6. «Kino.kz Қазақстан кинотеатрларының афишасы» ЭЕМ сервисі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда (бұдан әрі – Жүйе), техникалық іркіліс, қателер, бағаның дұрыс көрсетілмеуі, орынның дұрыс көрсетілмеуі және т.б., билеттерді қайтару бойынша шағымдар қатенің скриншотын/бейнежазбасын ұсынған кезде қабылданады. Сонымен қатар, «Halyk Finservice» ЖШС тараптардың бастапқы жағдайына оралумен, кейіннен ақшалай қаражатты қайтарып және билеттің күшін жоя отырып, Жүйедегі Клиенттің барлық әрекеттерін жою құқығын өзіне қалдырады.
  7. Ұйымдастырушының жұмыс тәртібі мен ережелерін ескере отырып, Клиент осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген уақыттан кешіктірмей 2 минуттан кешіктірмей кинотеатрға сеанс үшін Билетті қайтару рәсімін бастауға міндетті;
  8. Клиент «Halyk Finservice» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  іс-шараны ұйымдастырушы/кинотеатр болып табылмайтындығы туралы және билетті қайтару/қайтармағаны үшін Клиент алдында жауапты емес екендігі жөніндегі ақпармен танысты және келіседі. Барлық шағымдар Іс-шараны ұйымдастырушыға/Кинотеатрға жолданады;
  9. Билеттерді қайтарудың өзге талаптары сайтта, Kino.kz. қосымшасында орналастырылған қосылу шартында көрсетілген.

 

Билеттерді қайтару тәртібі:

  • Профильде телефон нөмірі бар екенін тексеріңіз (қажет болса, телефон нөміріңізді қосыңыз);
  • «Менің билеттерім» бөліміне кіріңіз;
  • Қайтарғыңыз келетін билетті таңдаңыз;
  • «Билетті ашу» түймесін басыңыз;
  • Ашық билеттің астында «Билетті қайтару» түймесін басыңыз;
  • Қайтару ережелерін мұқият оқып шығыңыз;
  • Таймер астындағы «Келісемін» құсбелгісін қойыңыз;
  • «Билетті қайтару» түймесін басыңыз;
  • Нәтижесін күтіңіз.

 

kino.kz сервисі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда билеттерді қайтару туралы шағымдар қатенің скриншотын / бейнежазбасын ұсынған кезде қабылданады.

Қолдау қызметі: +7 705 927 80 09 (тел.), +7 776 808 97 38 (WhatsApp).