Ақпараттық-техникалық қызметтер көрсету үшін қосылу шарты
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
Осы Ақпараттық-техникалық қызметтер көрсету үшін қосылу шарты (бұдан әрі – Шарт) талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес әзірленген және «Halyk Finservice» ЖШС (бұдан әрі – Оператор) дербес белгілейтін шарт болып табылады. Шарт Оператордың Қазақстан Республикасында Ұйымдастырушы өткізетін түрлі іс-шараларға Билеттерді Жүйе арқылы сайт пен мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы сатып алатын/онлайн-кинотеатрларға жазылымды ресімдейтін тұлғаға ақпараттық-техникалық қызметтер көрсету талаптарын айқындайды.
Оператор мен Клиент бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жекелей «Тарап» деп немесе Шартта көрсетілгендей аталады.
Клиент Жүйені пайдалана отырып, Жүйеде тіркелу және/немесе сатып алу/әрекет жасау арқылы Шарттың барлық талаптарымен толық келісетінін және ешқандай ерекшеліктер мен шектеулерсіз қабылдайтынын растайды.
Егер Клиент Шарттың талаптарымен келіспесе, ол Жүйені пайдалануды тоқтатуы керек.
1.ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАУЛАР
1.1. Билет – Клиентке Іс-шараға қатысу құқығын беретін, Жүйені пайдалана отырып, Клиентке сатылған қатаң есептілік құжаты.
1.2. Билет коды – бұл Билетті сатып алу кезінде клиентке жіберілетін бірегей цифрлық код (QR), оны Клиент Ұйымдастырушыға Іс-шараға кіруі үшін ұсынады.
1.3. Ұйымдастырушы – Іс-шараны ұйымдастыруды жүзеге асыратын/Жазылым қызметтерін ұсынатын, Оператормен Іс-шараға билеттерді онлайн-сатумен/Жазылыммен байланысты төлемдер бойынша деректерді өңдеу және беру жөнінде ақпараттық-техникалық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
1.4. Клиент – Іс-шараға билетті сатып алатын/Жүйе арқылы Жазылымды ресімдейтін және Іс-шараға қатысу үшін билет кодын ұсынған/Жазылым қызметін пайдаланатын жеке тұлға.
1.5. Жүйе – Оператордың «Қазақстан кинотеатрларының Kino.kz афишасы» ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық-аппараттық кешені, оның ішінде Ұйымдастырушының Билеттерін кассадан тыс сату/Жазылымды сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін www.kino.kz web-порталынан және iOS, Android үшін мобильді қосымшалардан тұратын платформалар.
1.6. Іс-шара – Ұйымдастырушының арнайы жабдықталған үй-жайда кинофильмді, театрлық спектакльді, цирк қойылымын, концертті және кез келген өзге де бұқаралық мәдени іс-шараны өткізуі.
1.7. Сервистік алым – Клиент Билетті қайтарған кезде Оператор Билет құнынан ұстайтын сома.
1.8. Қызмет – Клиенттің Билетті сатып алуы/Жазылымды ресімдеуі мақсатында Жүйені пайдалана отырып, Клиентке ақпараттық-техникалық қызметтер көрсету.
1.9. Банк – kino.kz web-порталында Ұйымдастырушының Іс-шараларына Билет сатып алу/Жазылымды ресімдеу шеңберінде Операторға және Клиентке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
Оператор Клиенттің Жүйеде Ұйымдастырушыдан Билет/Жазылым сатып алу мақсатында Клиентке қызмет көрсетеді.
3. БИЛЕТТІ САТЫП АЛУ ТӘРТІБІ
3.1. Жүйе арқылы Билет сатып алғанда, Клиент Билет кодын алады. Клиент алынған Билет кодының сақталуына жауапты болады және үшінші тұлға Билет кодын алған жағдайда, Клиент Оператор мен Ұйымдастырушыны қатыстырмай, сол адаммен дауларды өз бетімен шешеді.
3.2. «Балалар» немесе «Студенттік» тарифтері бойынша Билеттерді сатып алу кезінде Клиент электрондық Билетті Ұйымдастырушыға ұсынған сәтте тиісті мекеме берген растайтын құжатты (туу туралы куәлік, мектептен анықтама немесе студенттік билет) ұсынуға міндетті. Ұйымдастырушы «Балалар» тарифтері бойынша Билеттерді заңды өкілдері (қолында баланың құжаттары бар ата-аналар немесе қамқоршылар) еріп жүрмеген, сағат 22:00-ден кеш аяқталатын Іс-шараларға, сондай-ақ жас шектеулері бар Іс-шараларға сатпайды және кіруіне жол бермейді.
«Студент» тарифі бойынша Kinopark/Kinoplexx желісінде билетті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан (не Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарынан) студенттік билеті/анықтамасы бар студенттер ала алады.
Тиісті растайтын құжаттар болмаған жағдайда Ұйымдастырушы Клиентті Іс-шараға жібермеуге құқығы бар екендігі туралы Клиентке ескертіледі, ал Оператор Клиент сатып алған Билеттерді Іс-шара басталғанға дейін Клиентке тиісті соманы қайтару және Ұйымдастырушының Сервистік алымды ұстап қалуы арқылы күшін жоюға құқылы.
3.3. Клиент балаға арналмаған Іс-шараларға «Ересек»/«Студенттік» тарифі бойынша Билеттерді сатып алған жағдайда және/немесе баланы оның заңды өкілі/қамқоршысы болып табылмайтын адам алып жүрсе, Ұйымдастырушы Клиент пен баланы Іс-шараны көруге жібермеуге құқылы. Осындай жағдай туындаған жағдайда Ұйымдастырушы Клиент сатып алған Билеттердің күшін жоймайды және осы Билеттер үшін қаражатты қайтармайды.
3.4. Ұйымдастырушының жұмыс тәртібі мен ережелерін ескере отырып, егер Ұйымдастырушының ережелерінде билеттерді қайтару рұқсат етілсе, Клиент осы Шарттың 5-бөлімінде көрсетілген уақытқа дейін 2 (екі) минуттан кешіктірмей Жүйе арқылы өзі кинотеатрдағы сеансқа Билетті қайтаруды ресімдеу рәсімін бастауы қажет.
3.5. Клиент Билет кодын/Билетті/Жазылымды үшінші тұлғаларға беруге/сыйлауға құқылы, бұл ретте Клиент үшінші тұлғалармен барлық өзара қатынастар мен дауларды өзі шешеді және үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Ұйымдастырушының ережелеріне/талаптарына сәйкестігі үшін толық жауапкершілік арқалайды.
4. БИЛЕТТІ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ
4.1. Осы арқылы Клиентке Билеттерді қайтарудың барлық мәселелерін, сондай-ақ Билеттерді қайтару, ұстап қалу қағидаларын, рәсімдерін Ұйымдастырушы белгілейтіні және реттейтіні, Оператор Билеттерді қайтаруға жауапты емес екені және Ұйымдастырушы мен Клиент арасындағы билетті қайтару жөніндегі даудың тарабы болып табылмайтыны туралы Клиент хабардар және олармен келіседі.
4.2. Клиент бұрын сатып алған Билетті қайтаруды сұратқан кезде, егер Билет Ұйымдастырушының кассасында басып шығарылған болса, не Іс-шара басталған болса, не Іс-шара басталғанға дейін 48 (қырық сегіз) сағаттан аз уақыт қалса, не Ұйымдастырушының Билетті қайтаруға бөлінген уақыты аяқталған болса, не егер Ұйымдастырушының ережелеріне сәйкес Билетті қайтаруға жол берілмесе, Ұйымдастырушы Клиентке Билет құнын қайтарудан бас тартуға құқылы және өз бетінше шешім қабылдайды.
4.3. Ұйымдастырушы белгілегендей, Kinopark/Kinoplexx кинотеатрлар желісінде Клиент Билетті сеанс басталғанға дейін кемінде 1 (бір) минут бұрын қайтара алады. Kinopark/Kinoplexx кинотеатрлар желісі Клиент Жүйеден сатып алған Билетті қайтарған кезде ұсталатын келесі Сервистік алымды белгілеуге құқылы:
4.4. Келесі кинотеатрларда/кинотеатрлар желісінде сатып алынған Билетті сеанс басталғанға дейін кемінде 1 (бір) минут қалғанда қайтарып алуға болады:
4.5. Келесі кинотеатрларға сатып алынған Билетті сеанс басталғанға дейін кемінде 15 (он бес) минут бұрын қайтарып алуға болады:
4.6. Келесі кинотеатрларға сатып алынған Билетті сеанс басталғанға дейін кемінде 30 (отыз) минут бұрын қайтарып алуға болады:
4.7. Келесі кинотеатрларға сатып алынған Билетті сеанс басталғанға дейін кемінде 1 (бір) сағат бұрын қайтарып алуға болады:
4.8. Ұйымдастырушы келесі кинотеатрларға сатып алынған Билетті қайтармайды:
4.9. «P2P» тәуелсіз театрына сатып алынған Билет (Билеттер) Іс-шара басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірілмей қайтарылады.
5.ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Оператордың құқықтары:
5.1.1. техникалық іркілістер, жүйені алаяқтық әрекеттерде пайдалануда күдік болған кезде, оның ішінде Билеттерді қайта сатуда күдік болған кезде Қызметті тоқтата тұру және/немесе Жүйеде Клиенттің әрекетін тоқтату, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Клиентке хабарлай отырып Билеттің ақшасын қайтару, Билеттің күшін жою;
5.1.2. Сатып алушының электрондық мекенжайы мен ұялы телефонына ақпараттық және жарнамалық сипаттағы электрондық хаттар мен SMS-хабарламаларды жіберу, сондай-ақ Клиентпен байланысу үшін электрондық хаттар мен SMS-хабарламаларды пайдалану;
5.1.3. өз қалауы бойынша Клиенттің Ұйымдастырушының Іс-шарасына сатып алуына болатын Билеттер санына лимит белгілеу;
5.1.4. осы Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту, бұл ретте Жүйеде өзгертілген талаптарды орналастыруды қамтамасыз ете отырып;
5.1.5. Билет бағасы дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Клиентке хабарлай отырып Билеттің күшін жою;
5.1.6. Шартты біржақты тәртіппен бұзу және/немесе Қызмет көрсетуді тоқтату:
5.2. Оператордың міндеттері:
5.2.1. Ұйымдастырушыны, электрондық хаттар мен SMS-хабарлама жіберуді жүзеге асыратын және Ұйымдастырушылар Іс-шараны ұйымдастыру үшін тартатын адамдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей белгіленген жағдайларда Клиенттің мекенжайын және өзге де дербес деректерін үшінші тұлғаларға бермеу;
5.2.2. Клиент Билетті Шартта немесе Ұйымдастырушының қағидаларында белгіленген тәртіппен қайтарған кезде, Ұйымдастырушының ұстап қалған Сервистік алым сомасын есепке алмағанда, Клиенттің Билетті (Билеттерді) сатып алу кезінде ақша қаражаты есептен шығарылған банк картасына Билет құнын 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару;
5.2.3. Шартқа барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды немесе жаңа редакциядағы Шартты Жүйеге орналастыру.
6. КЛИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Клиенттің құқықтары:
6.1.1. Қызметтерді пайдалану;
6.1.2. Билеттерді Ұйымдастырушы көздеген шарттармен және талаптармен қайтаруды жүзеге асыру;
6.1.3. Іс-шара және/немесе сатып алынған Билеттер мәселелері бойынша Ұйымдастырушыға хабарласу;
6.1.4. Шартты біржақты тәртіппен бұзу.
6.2. Клиенттің міндеттері:
6.2.1. Ұйымдастырушының ішкі ережелерімен (этикеттің ерекшеліктері, дресс-код, келу ережелері, ақшаны қайтару, ұстап қалу ережелері, жас шектеулері және Іс-шара туралы өзге де мәлімет) өз бетімен танысу;
6.2.2. Шарттың талаптарын сақтау;
6.2.3. Билетті Жүйеден сатып алғаннан кейін, егер оны басып шығару қажет болса, электронды билетті басып шығару. Электрондық Билетті Клиент іс-шараға кіру үшін ұсынады;
6.2.4. Билеттер/Жазылымдар берілген үшінші тұлғалардың алдында жауапты болу;
6.2.5. жеке кабинетке қол жетімділікті бермеу;
6.2.6. Жүйедегі Шарттың барлық өзгерістерін (немесе) толықтыруларын немесе жаңа редакциядағы Шартты дербес қадағалап отыру;
6.2.7. Ұйымдастырушының Іс-шараға белгіленген ішкі ережелері мен талаптарын сақтау.
7. ОПЕРАТОРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕУ
7.1. Оператор:
7.1.1. Клиент алдында Ұйымдастырушының Іс-шараны өткізгені үшін, сондай-ақ оны өткізудің сапасы мен шарттары үшін;
7.1.2. Шарттың 7.1-тармағының 7.1.1-тармақшасына сәйкес Билеттердің/Жазылымдардың күшін жойғаны үшін;
7.1.3. Қызметті тоқтата тұруға, Билеттердің күшін жоюға, ақшаны қайтаруға, Іс-шараның күшін жоюға немесе оны сапасыз өткізуге және т.б. байланысты болған залалдар және/немесе өзге де шығындар үшін;
7.1.4. Ұйымдастырушы Жүйеде және Жүйеден тыс сату кезінде Билеттердің қайталанғаны үшін;
7.1.5. Іс-шара күнін жойғаны/ауыстырғаны немесе оның сапасыз өткізілгені үшін;
7.1.6. үшінші тұлғалардың Клиенттің жеке кабинетінде барлық әрекеттері үшін;
7.1.7. Клиент берген Билеттер/Жазылымдар бойынша үшінші тұлғалар шеккен залал/зиян және үшінші тұлғалармен барлық өзара іс-қимыл үшін;
7.1.8. интернет желісінде, әлеуметтік желілерде, баннерлерде және өзге де орындарда орналастырылған кез келген ақпарат тасығыштарда Ұйымдастырушы белгілеген жас шектеулері үшін;
7.1.9. Ұйымдастырушының ережелерін бұзуына, жас шектеулеріне байланысты Ұйымдастырушының Іс-шараға Клиентті жібермегені үшін және Ұйымдастырушының Іс-шараға Клиентті жібермеуінің өзге де жағдайлары үшін жауапкершілік арқаламайды.
7.2. Билеттерді қайтару, күшін жою (өткізбеу) жағдайларына не Іс-шараны өткізу сапасына, Іс-шараның болмауына немесе оның сапасыз өткізілуі нәтижесінде Клиент шеккен залалдарға қатысты барлық талаптарын Клиент тек Ұйымдастырушыға ғана қояды.
8. ФОРС-МАЖОР
8.1. Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзуы Тараптар күтпеген және олардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына ықпал ететін еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуының, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының Тараптардың қызметіне Шарттың мәніне қатысты тікелей тыйым салатын немесе шектейтін актілер/шаралар қабылдауының, сондай-ақ дүлей зілзалаларға, әлеуметтік катаклизмдерге, электр энергиясының өшуі, телекоммуникациялық желілер мен электр энергиясының зақымдануы және/немесе уақытша өшуі, бағдарламалық қамтамасыз етудің істен шығуы салдары болып табылса, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Егер Шарт пандемияға байланысты жарияланған шектеу іс-шаралары режимінің қолданылу кезеңінде жасалса, шектеу іс-шараларынан туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы шектеу іс-шараларын енгізу туралы уәкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актісімен расталады.
8.3. Шарттың 10.1-тармағында көзделген жағдайларда Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай мән-жайлар мен олардың салдары қолданылатын уақытқа сәйкес кейінге қалдырылады және/немесе Оператор Қызмет көрсетуді тоқтатады және Оператордың қалауы бойынша ақшаны қайтарып, Билеттің/Жазылымның күшін жояды.
9. ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР
9.1. Оператор Шартқа өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды біржақты тәртіппен енгізеді және өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар Шартты Жүйеге орналастырады. Шарттың өзгерістері және (немесе) толықтырулары және (немесе) Шарттың жаңа редакциясы, егер Шарттың өзгерістері және (немесе) толықтырулары және (немесе) жаңа редакциясы күшіне енуінің өзге мерзімдері Жүйедегі ақпараттық хабарламада көрсетілмесе, Жүйеде орналастырылған кезден бастап күшіне енеді.
9.2. Егер Клиент Оператор Шартқа енгізген өзгерістермен (толықтырулармен) келіспесе, ол Шартты бұзбай Қызметтерді одан әрі пайдалануды тоқтата тұруға немесе хаттың сканерленген көшірмесін жіберу арқылы Операторды электрондық пошта мекенжайы бойынша хабардар ете отырып, Шарттан бас тартуға құқылы. Клиент Шарттан бас тарту туралы хабардар еткен жағдайда Шарт Оператор Клиенттің хатының сканерленген көшірмесін алған күннен бастап бұзылады, бұл ретте Клиент Шартты бұзу күніне дейін туындаған, бірақ орындалмаған, оның ішінде Шарт бойынша берешекті төлеу бойынша барлық міндеттемелерді орындауға міндетті.
9.3. Егер Оператор біржақты тәртіппен Шартқа енгізген өзгерістер (толықтырулар) күшіне енгеннен кейін Клиент Оператордың Қызметтерін пайдалануды жалғастырса, Клиент барлық өзгерістерді қабылдады деп есептеледі.
9.4. Шарт Клиенттің бастамасы бойынша Шартты бұзу туралы хабарламаны Оператордың электрондық мекенжайына Клиенттің Оператор алдындағы міндеттемелері Шартты бұзу күніне дейін орындалатын жағдайда Шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде 10 (он) күн бұрын жіберу арқылы бұзылады. Оператор Клиенттің Шартты бұзу туралы хабарламасын алған күннен бастап Клиенттің Жүйедегі жұмысын бұғаттайды.
9.5. Шарт Оператордың бастамасы бойынша Шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде 10 (он) күн бұрын кез келген байланыс арнасы (электрондық мекенжай, мессенджер, sms) бойынша Шартты бұзу туралы хабарлама жіберу арқылы бұзылады. Оператор Клиентке Шартты бұзу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап Клиенттің Жүйедегі жұмысын бұғаттайды.
9.6. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар немесе делдалдар пара беру/алу, коммерциялық пара беру, лауазымдық жағдайды теріс пайдалану ретінде сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының, құқықтың халықаралық нормаларының және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын бұзатын іс-әрекеттерді тікелей немесе жанама және Шарт Тараптары арасындағы қатынастарда да, үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қатынастарда да сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды жүзеге асырмауға міндеттенеді.
9.7. Тараптар Клиенттің Жүйеде ақпараттық қауіпсіздікті сақтауының келесі шарттары туралы келісімге келді:
9.7.1. Клиент Оператордың ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді;
9.7.2. Клиент Оператордың ақпараттық активтеріне үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болдырмауға кепілдік береді;
9.7.3. Клиент Оператордың ақпараттық қауіпсіздігін бұзуға, сондай-ақ Клиенттің іс-әрекетінен/әрекетсіздігінен және/немесе үшінші тұлғалардың араласуынан туындаған ақпараттық жүйелердің жұмысындағы іркілістерге және олардың қауіпсіздігін бұзуға әкеп соғуы мүмкін ешқандай іс-қимыл жасамауға міндеттенеді;
9.7.4. Клиент, атап айтқанда, Оператордың ақпараттық қауіпсіздігін бұзғаны, сондай-ақ Оператордың ақпараттық жүйелерінің жұмысындағы іркілістер және олардың қауіпсіздігі Клиенттің кінәлі әрекеттерінен/әрекетсіздігінен және/немесе үшінші тұлғалардың араласуынан туындаған және мынадай оқиғаларға: Оператордың коммерциялық құпиясын құрайтын ақпараттың және заңмен қорғалатын өзге де ақпараттың жоғалуына; қорғалатын ақпараттың бұрмалануына – рұқсат етілмеген модификация, жалған; ақпараттың таралуына - бөгде адамдардың қорғалатын ақпаратпен рұқсатсыз танысуы (рұқсатсыз кіру, көшіру, ұрлау және т. б.); ақпараттық ресурстарды рұқсатсыз пайдалануға (теріс пайдалану, алаяқтық және т. б.); оны бұғаттау, жабдықтың немесе бағдарламалардың істен шығуы мен іркілісі, жұмыс станцияларының, серверлердің, белсенді желілік жабдықтардың, деректер базасын басқару жүйелерінің, таратылған есептеу желілерінің операциялық жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырмау, вирустардың әсері және т.б. нәтижесінде ақпараттың қолжетімсіздігіне әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапты болады;
9.7.5. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау шарттарын бұзған Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті арқалайды, сондай-ақ ұсынылған жазбаша дәлелдемелер негізінде нақты залал сомасын өтеуге міндеттенеді.
9.8. Тараптар Шарт бойынша туындаған дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен реттеу үшін шаралар қабылдауға келіседі. Келіссөздер жүргізу мүмкін болмаған не дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен шешу мүмкін болмаған кезде олар Оператордың орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі.
10. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, Клиент Оператордың және/или «Халық» қаржы тобының құрамына кіретін ұйымдардың («Қазақстан Халық Банкі» АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Ұйымдар)) дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді. Бұл ретте келісімдегі барлық сілтемелер Операторды және Ұйымдарды бірге, сондай-ақ әрқайсысын жекелей де білдіреді, Оператордың және/немесе Ұйымдардың банктік және өзге де қызметтер көрсетуі, Оператормен және/немесе Ұйымдармен Шарттар жасасу, сондай-ақ оларды орындау, үшінші тұлғалардан ақпарат алу мақсатында, сондай-ақ ҚР заңнамасына және (немесе) Оператордың және/немесе Ұйымдардың ішкі құжаттарына сәйкес Клиенттің хабарламалар мен талаптарды жіберумен; ақпараттандырумен, соның ішінде Оператордың және/немесе Ұйымдардың қызметтері туралы; мәліметтер мен ақпаратты сұратумен және алумен; өздігінен және үшінші тараптарды тарту арқылы борышты өндіріп алумен; талап ету құқығын берумен, борышты аударумен; Оператордың және/немесе Ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін соттан тыс және сот арқылы жүгінумен, сот және басқа да актілерді орындаумен; дербес деректерді мемлекеттік органдарға және басқа да тұлғаларға (соның ішінде талап ету құқығын сатып алатын немесе заемды өндіріп алу қызметтерін ұсынатын) берумен, Оператор мен Ұйымдар арасында Клиенттің дербес деректерін алмасумен байланысты дербес деректерін жинау, өңдеу қажеттілігі туындаған өзге де жағдайларда дербес деректерді, оның ішінде: тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); туған жылын, айын, күнін және орнын; азаматтығын; жеке сәйкестендіру нөмірін; жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерін; биометриялық деректерді; тұратын орны, заңды мекенжайы (тіркелген орны), жұмыс орны туралы мәліметтерді; почта және электрондық мекенжайын, телефон нөмірлерін; кезген басқа да дербес деректерді білдіреді.
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге берілген келісім Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректер сақталу мерзімі бойында қолданылады. Дербес деректерді жинау және өңдеу Оператор және Ұйымдар тарапынан ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен жүзеге асырылады. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген келісім: дербес деректерді Оператор мен Ұйымдардың бір-біріне беруін; Оператор мен Ұйымдардың дербес деректерді кез келген үшінші тараптарға беруін; Оператор мен Ұйымдардың оларды өңдеу процесінде дербес деректерді трансшекаралық түрде беруін; Оператор мен Ұйымдардың дербес деректерді жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуын қамтиды.
11. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
«Halyk Finservice» ЖШС
Орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 050046 Алматы қ., Бостандық ауданы, Гагарин даңғылы, 133/7 үй, 1-тұрғын емес үй-жай
БСН 040740008423
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы
ЖСК KZ816017131000002212
БеК 15
Байланыс орталығының телефоны: +7 705 927 80 09