

Шек.
Жазық әлемнің шегі – жиектен асып, құлап кетсең, сені мүйізтұмсықтар торитын жер, шектің ар жағында – заман ақыры, сахнаның соңы. сыртқы шетте аутсайдерлер: бәрі ортаға ұмтылады, өздері де орталық болғысы келеді,
Шетте – басқалар, біз өзіміз онда болғымыз келмейді.
Шек бізге үнемі жақындап келеді; ұйықтап жатқанда, ол бізге келіп, жыртқыш азуын ақситады,
Шекте әрдайым қауіп-қатер бар – онда әрдайым өздеріне көмектесе алмайтын, бізді төменге сүйрегісі келетін азғындар мен сілімтіктер бар, біз таймаймыз, олар да таймай, әрдайым сақтықта болады.
Шек – бұл сахна да, шек – бұл шекара да.
Шек – бұл анықтықтың, сананың, болжаудың шегі. шекте ешкім құлағысы келмейтін, басқан аяқ қайтпайтын шыңырау да бар.
Немесе: саусақтарымыздың арасындағы, «мен» және «сеннің» арасындағы шек...
Шекте бәрін кейінге қалдыруға болады, болашақты да шекке ысыруға болады, оны уайымдайтын әрдайым біреу табылар. тағы нені шекке ысыруға болады?...