Сипаттама

Жемқорлық пен мансапқорлық тақырыбын қозғайтын бұл өзекті сатиралық пьеса парақорлық пен алдау-арбауды қалыпты жағдай санайтын шенеуніктердің өмірін суреттейді. Кейіпкерлер алдында таңдау тұрады: өз идеалдарына адал болып, айналасындағыларды да сондай мұрат жолындағы жандарға айналдыра отырып, адал, бірақ кедей әрі тұрмыстық жағынан қиын өмір сүру немесе билік басындағыларға жағымпазданып, олжадан өз үлесін жырып алу жолына түсу.

Автордың ой-ниетіне сүйене отырып, режиссер екі параллель желіні қатар өрбітеді: ниеті мен әлеуметтік жағдайы жағынан бір-біріне мүлдем қарама-қарсы ер азаматтарға тұрмысқа шыққан екі әпкелі-сіңлілі қыздың тағдыры және өмір жолын қалыптастыру барысындағы сол екі күйеу жігіттің басынан кешкен оқиғалары. Мұнда бәрі де саудаға түседі: қалыңдықтар да, қызметкерлер де, тіпті ой-пікірлер де.

Адал қызмет етуге ұмтылған жас шенеунік Жадов өмірлік жағдайлар мен қоғамдық қалыптардың қатты қысымына төтеп бере алмай, өз идеалдарынан бас тартады; қылмысқа бару азғыруына қарсы тұра алмай, ол өз жанын саудаға салады, алайда «парақордың қылмыстық заңнан гөрі Құдай сотынан көбірек қорқатын уақытын күтуге» серт береді.

Қойылымның ұзақтығы - 3 сағат 10 минут,  үзіліспен.

Толығырақ

Ұзақтығы
190 минут
Премьера күні
2025 ж. 16 наурыз