

Политех студенттері туралы көңілді, музыкалық әрі сәл драмалық спектакль - «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!»
Қазақстандық драматург Мұхаметқали Хасеновтың танымал пьесасы негізінде қойылған музыкалық спектакль - уақытқа саяхат. Бұл - 1970 жылдардағы Политех студенттерінің шынайы оқиғасына негізделген махаббат пен достық туралы хикая. Ал пьесаның түпнұсқа әндерін аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы жазған!
Бұл - нағыз спектакль-аттракцион! Кейіпкерлермен бірге және сүйікті әндердің сүйемелдеуімен сіз 1970 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі әртүрлі дәуірлерге саяхат жасайсыз!
Пьесаның авторы: Мұхаметқали Хасенов
Ән жазушылары: «Дос-Мукасан»
Режиссер: Аружан Елеу, ARTиШОК театрының актрисасы.
Музыкалық жетекші: Дмитрий Северин, мәскеу көркем театр училище-студиясының (МХАТ) түлегi, Лермонтов театрының актері;