Сипаттама

Сара қызының болашағы үшін елден кеткісі келеді, ал Назар науқас әкесін жалғыз қалдыруға көнбейді. Екеуінің де өз уәжі болғанымен, ортақ шешімге келе алмаған ерлі-зайыптылардың арасындағы келіспеушілік ақыры ажырасуға ұласады.
Назар әкесіне күтуші жалдағаннан кейін болған күтпеген жанжал екі отбасының тағдырын тоғыстырып, оларды сот алдында бетпе-бет келтіреді. Куәгерлердің сөздері бір-біріне қайшы, ал әр тараптың өз шындығынан бас тартқысы жоқ. Бір қарағанда түсінікті көрінген оқиға тереңдеген сайын кімге сену керегін, кімнің кінәлі екенін анықтау қиындай түседі.
«Ekeumiz zhaily» - бір оқиғаның екі түрлі шындығы мен адам таңдауынан туатын жауапкершілік туралы психологиялық драма. Мұнда әркім өз жақынын қорғауға тырысады, бірақ сол жолда өзгеге қаншалықты әділ бола алады?

Психологиялық драма
Қазақ тілінде
Режиссері-Фархад Молдағали
​​​​​​​1 сағат 20 мин, үзіліссіз

Толығырақ

Ұзақтығы
80 минут
Премьера күні
2026 ж. 14 қараша
Режиссер
Фархад Молдагали