

Он бес жыл бұрын қаза тапты деп есептелген Расул қайғылы оқиғаның жылдығында үйіне оралады. Оны біржола жоғалттық деп сенген жақындары үшін бұл күтпеген кездесу қуанышпен қатар талай сұраққа жол ашады.
Арада өткен он бес жылдың жауабын іздеген отбасы Расулдың қайда болғанын, неліктен оралмағанын білгісі келеді. Алайда әңгіме тереңдеген сайын бұрын айтылмаған сырлар мен іште қалған реніштер сыртқа шығады да, бір шаңырақ астындағы адамдардың бір-бірінен қаншалықты алыстап кеткені аңғарылады.
«№37» - шындық пен өтірік, кінә мен кешірімнің арасында қалған отбасының психологиялық драмасы. Мұнда әркімнің өз айтары бар, бірақ ешкім бірін-бірі тыңдауға дайын емес. Ендеше, кім кінәлі, кім құрбан?
Драма
Қазақ тілінде
Авторы - Исмаил Иман
Режиссері - Фархад Молдағали
Аударған - Әлішер Рахат
Композитор - Олжас Жақыпбек
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут, үзіліссіз.