

23 қараша күні Алматыда, Республика сарайының сахнасында Алексей Рыбниковтың толық авторлық нұсқасындағы аты аңызға айналған «Юнона мен Авось» рок-операсы ұсынылады.
40 жылдан астам уақыт бойы бұл махаббат хикаясы орыс музыкалық театрының символы болып қала беріп, әрдайым лық толы көрермен залы жинайды. «Юнона мен Авось» — ұлы музыка, жан тербетер поэзия мен драма хикаясы біртұтас сезім өнеріне ұласқан, сазгер Алексей Рыбников пен ақын Андрей Вознесенскийдің өлмес туындысы.
Алматыда қойылымның Алексей Рыбников өзі жасаған толық авторлық нұсқасы ұсынылмақ. Бұл қойылым авторлардың бастапқы ой-мұратын барынша дәл сақтап, талай жылдан бері аты аңызға айналған рок-операның беткеұстар үлгісі саналады.
Сахнаға Алексей Рыбников театрының жетекші әртістері мен жаңа буын жұлдыздары шығады. Граф Николай Резанов партиясын «Голос» жобасының қатысушылары Никита мен Александр Поздняковтар, сондай-ақ театр және кино актері Николай Дроздовский сомдайды.
Қойылым Ресей мен шетелдің үздік сахналарында үлкен табысқа жетіп, өзінің музыкасымен, қуатты күш-жігерімен әрі әлемдік театрдағы ең әсем махаббат хикаяларының бірімен көрерменді баурап келеді.
23 қараша, Алматы, Республика сарайы.
«Я тебя никогда не забуду…» Бұл жолдар баяғыда-ақ тарихтың бір бөлігіне айналған. Оларды жанды орындауда есту — сахнадан айтылған ең тебіреністі махаббат хикаяларының бірін қайта бастан кешу деген сөз.