

Relax bar-ға келіңіз Назарбаев даңғылы, 124, 4 кіреберіс, 3 қабат.
Ашық микрофон
Алматылық 10 комедианттың өздерінің жаңа әзілдерін сіздердің алдарыңызда сынап көретін шоуы!
Мұнда тіпті ең танымал әзілкештердің өздері ешкім бұрын-соңды естімеген жаңа материалдарымен сахнаға шығады.
Кейбір әзілдер көрермендерді қыран-топан күлкіге бөлесе, енді біреулері сізді «жерге кіріп кете жаздайтындай» ыңғайсыз күйге түсіруі мүмкін... Ал келесі кезекте не болатынын ешкім білмейді!
Ешқандай кепілдік жоқ. Ешқандай цензура жоқ — тіпті жағдай өте ыңғайсыз болып кетсе де! Тек комедианттар, микрофон және көрермендердің шынайы, тікелей реакциясы ғана бар!
Сондай-ақ, бардан тағамдар мен сусындар сатып алуға болады.
Бізге қосылыңыз және осы қызықты әрі тосын сыйға толы комедиялық шоудың куәсі болыңыз!