СПОРТ6+

Almaty Open ATP 250 – 2026

Almaty Arena

Сипаттама


ALMATY OPEN 2026: Халықаралық теннис Алматы төрінде
17–25 қазан аралығында Алматыда ATP Tour ресми күнтізбесіне енгізілген және ТМД кеңістігіндегі жалғыз ATP 250 санатындағы халықаралық турнир – Almaty Open өтеді.
Almaty Open – әлемдік деңгейдегі теннисті, жарқын әсерлер мен халықаралық спорт мерекесінің айрықша атмосферасын тоғыстыратын тоғыз күндік турнир.
ATP Tour матчтарынан бөлек, турнир аясында қонақтарға түрлі ойын-сауық және интерактивті бағдарламалар ұсынылады:
• жанкүйерлерге арналған арнайы аймақ;
• отбасының барлық мүшесіне арналған интерактивті бағдарламалар;
• ойын-сауық шаралары;
• тамақтану және демалыс аймақтары;
• турнир серіктестерінің арнайы алаңдары.

Ерекше жайлылық пен жоғары деңгейдегі сервисті бағалайтын қонақтар үшін премиум санаттағы билеттер ұсынылады.
VIP Tribune
• аренадағы ең қолайлы орындар;
• жеке кіру мүмкіндігі;
• арнайы қонақ күту аймағы;
• тағамдар мен сусындар ұсынылады.

Super VIP
• аренаның орталық бөлігіндегі үздік орындар;
• жеке кіру мүмкіндігі;
• премиум деңгейдегі қонақ күту аймағы;
• премиум деңгейдегі сервис.

VIP Box
• кортқа жақын орналасқан орындар;
• жеке кіру мүмкіндігі;
• арнайы қонақ күту аймағы;
• тағамдар мен сусындар ұсынылады.

Билеттер саны шектеулі.