1.1. Іс-шараға тек билетпен ғана кіре аласыз.
1.2. Алматыдағы концертке билеттерді kino.kz сайтынан немесе Halyk қосымшасындағы kino.kz парақшасы арқылы сатып алуға болады.
1.3. Ұйымдастырушының ережелеріне сәйкес барлық билеттер қайтарылмайды.
1.4. Билетті сатып алғаннан кейін клиент жеке кабинетте қолжетімді электрондық билетті ала алады. Билет барлық қажетті ақпаратты қамтиды және сатып алғаныңызды растайтын құжат болып табылады.
1.5. Іс-шараға кіруге арналған QR-код қауіпсіздік мақсатында билетте концертке дейін 48 сағат бұрын автоматты түрде көрсетіледі.
1.6. Бір QR бір адамға ғана жарамды.
1.7. Сатып алуға шектеу – бір тапсырыста 10 билеттен артық емес.
1.8. Іс-шара аумағына кіру уақыты сағат 15:00-ден басталады. Тексеру аумағынан жылдам өту және кезекте тұрып қалмау үшін алдын-ала келу ұсынылады.
2.1. Орталық стадионның жанында көлік қоятын орындар қарастырылмаған.
2.2. Іс-шараға жеке автокөліксіз келуге кеңес береміз. Қоғамдық көлікпен (метро, автобустар, такси) келуді ұсынамыз.
3.1. Концертке 12 жастан бастап келуге рұқсат етіледі.
3.2. 12 жастан 16 жасқа дейінгі адамдар іс-шараға кәмелетке толған ересек адаммен бірге және отыратын орындарға билет болған жағдайда ғана жіберіледі. (билет кәмелетке толмаған адам үшін міндетті, өзімен бірге құжаттар болуы қажет).
3.3. Тұрып тұратын аймаққа (VIP Standing, Fan zone, Dance floor) тек 16 жастан бастап кіруге рұқсат етіледі. only from the age of 16.
3.4. 16 жастан асқан адамдар билеті мен жеке куәлігі болған жағдайда концертке кіре алады.
3.5. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жасын, төлем фактісін және билетті сатып алудың басқа да мәліметтерін растайтын құжатты талап етуге құқылы. Ол болмаған жағдайда кіруге рұқсат етілмеуі мүмкін.
3.6. Балалар арбаларын алып жүруге және стадион аумағында қалдыруға тыйым салынады. Өтінеміз, оларды өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз – оларды кіреберісте қалдыруға болмайды.
4.1. Іс-шара аумағына мыналарды алып кіруге тыйым салынады:
– алкогольдік сусындар;
– есірткі және психотроптық заттар;
– шыны және металл ыдыстар;
– қарудың кез келген түрі, соның ішінде газ құтысы;
– пиротехника, лазерлер, файерлер, сигналдық құрылғылар;
– тамақ пен сусындар;
– кәсіби фото, - бейнежазба құралдарын және аудиотехниканы (ұйымдастырушылардың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз);
– тұмылдырығы мен құжатының болуына қарамастан, иттерді және кез келген жануар түрін;
– балалар арбалары, самокаттар, скейтбордтар, велосипедтер және өзге де қозғалыс құралдары;
– көлемді заттар, плакаттар, жалаулар, баннерлер, сырнайлар және көрермендердің көруіне бөгет жасайтын басқа да заттар;
– үлкен сөмкелер, рюкзактар, чемодандар және спорттық сөмкелер. Тек A4 өлшемінен аспайтын сөмкелерге ғана рұқсат етіледі.
5.1. Барлық келушілер кірген кезде міндетті тексеруден өтеді.
5.2. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ережені бұзатын немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін адамдарды кіругізуден бас тартуға құқылы.
5.3. Алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық масаң күйдегі адамдарға кіруге тыйым салынады.
5.4. Келушілер қоғамдық тәртіпті сақтауға, басқа қонақтарға, әртістерге, қызметкерлерге және қауіпсіздік қызметіне құрметпен қарауға міндетті.
6.1. Стадион аумағында темекі шегуге тыйым салынады.
7.1. Жануарлармен бірге кіруге тыйым салынады.
8.1. Халіңіз нашарлаған жағдайда стадион аумағында болатын кезекші медицина қызметкерлеріне жүгіну қажет.
8.2. Ұйымдастырушылар іс-шараға дейін, оның барысында немесе одан кейін туындаған созылмалы аурулардың, жарақаттардың, жеке реакциялардың және өзге де денсаулық жағдайларының нашарлауына жауапты болмайды.
8.3. Концертке келу келушінің қалауы бойынша және оның жеке жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
9.1. Ұйымдастырушылар жеке заттардың жоғалуы, мүліктің бүлінуі, сондай-ақ осы ережелерді бұзу нәтижесінде туындаған өзге де залалдар үшін жауап бермейді.
9.2. Ережелерді бұзу іс-шарадан өтемақысыз және билет құнын қайтармай шығарып жіберуге әкелуі мүмкін.
9.3 Келуші билетті сатып ала отырып, осы ережелермен танысқанын растайды және оларды сақтауға міндеттенеді.