

Назар аударыңыз!
7% мөлшерінде сервистік алым қолданылады.
Билеттерді қайтару шарттары.
Билеттер келесі тәртіп бойынша қайтарылады:
• Іс-шара өтетін күнге дейін 14 күн немесе одан да ертерек жүгінген жағдайда билет құнының 100%-ы қайтарылады.
• Іс-шара өтетін күнге дейін 14 күннен аз уақыт қалғанда жүгінген жағдайда билет құнының 30% мөлшеріндегі айыппұл ұсталып, қалған сома қайтарылады.
• Іс-шара өтетін күні немесе одан кейін билеттер қайтарылмайды.
Назар аударыңыз: ұйымдастырушының бастамасымен іс-шараның күші жойылған немесе басқа күнге ауыстырылған жағдайда, өтініш берілген күнге қарамастан билет құны толық көлемде қайтарылады.
Билетті қайтару үшін билетте немесе ресми сайтта көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
11 қараша күні сағат 19:30-да Республика сарайында «Махаббат жаңғырығы» атты ауқымды концерт өтеді!
Классикалық музыка мен заманауи эстрадалық өнерді тоғыстырған ерекше музыкалық кеш.
Кештің басты жұлдызы – заманауи опера өнерінің ең жарқын әрі сұранысқа ие әншілерінің бірі Аида Гарифуллина. Бірегей сопрано дауысының иесі әлемнің жетекші опера театрларының сахналарын бағындырып, халықаралық деңгейде зор танымалдыққа ие болды. Оның әрбір өнер көрсетуі маңызды мәдени оқиғаға айналып, мінсіз вокалдық шеберлігі, сахналық харизмасы мен терең эмоциялық әсері көрермендерді тәнті етеді.
Концерттің арнайы қонағы – танымал әнші, актер және музыкант Алексей Воробьев. Оның әндерін миллиондаған тыңдарман жақсы көреді. Сахнадағы ерекше харизмасы, қуаты мен шынайылығы көрерменмен ерекше байланыс орнатып, әрбір өнер көрсетуін ұмытылмас сәтке айналдырады.
Қазақстан Республикасының Төлепберген Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін кеште әлемдік опера жауһарлары, танымал романстар мен көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер орындалады. Бұл кеш әр дәуірдің, әр жанрдың және әртүрлі көңіл күйдің әуенімен өрілген музыкалық саяхатқа айналып, әсерлі лирикадан шабыт сыйлайтын шығармаларға дейінгі кең ауқымды қамтиды.
«Махаббат жаңғырығы» – жасына, тіліне және музыкалық талғамына қарамастан әр адамға түсінікті сезімдер туралы сыр шертетін ерекше оқиға. Махаббат, шабыт, естеліктер мен армандар сахна төрінде әртүрлі музыкалық әлемнің өкілдері болғанымен, көрерменмен шынайы эмоция тілінде тілдесуді мақсат еткен өнерпаздардың орындауында жаңаша сипат алады.
Аида Гарифуллина мен бағдарламаның арнайы қонағы Алексей Воробьевпен бірге әсем музыкаға, жанды орындауға және ұмытылмас әсерге толы кештің куәсі болыңыздар!
Іс-шараның ұйымдастырушысы: Konokbaev Group.
Оркестр: ҚР БҚА. Т. Әбдірашева
Ұзақтығы: 2 сағат (1 үзіліспен)
Жанр: опера концерті