КОНЦЕРТ12+

Большой сольный концерт Dequine

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

Іс-шара басталды

Сипаттама

18 қазанда Алматыда тарих бетінде қалатын оқиға орын алмақшы - Dequine үлкен жеке шоуға шақырады.  Алғаш рет қаланың басты алаңы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында қазақстандық әншінің жеке концерті өтеді.

Бұған дейін өнер сахнасы ТМД елдерінің танымал белді әртістерін, халықаралық фестивальдерді және Қазақстанның ер азамат орындаушыларының жеке концерттерін қабылдап келген еді.

Dequine концерті елдің мәдени өмірінде жаңа кезеңге із салған, мақсат-мүддесі ортақ әйелдер өнер қауымдастығы үшін маңызды қадам болары айғақ.

Қазан айының бұл ерекше күні танымал өнерпаздың өзі үшін тарихи оқиға ғана болып қалмай, сонымен қатар сахнаны жас орындаушылармен бөлісу, оларға қолдау көрсету және музыканттардың жаңа буынын шабыттандыру мүмкіндігін беретін айрықша оқиға болары хақ.

Кеш қонақтары сүйікті хиттер мен жаңа әндерді жанды дауыста тыңдап, әсем әуен әсеріне бөленеді.  Сонымен қатар ел алдына есімдері әзірше құпия қонақтар шығып, өнер сүйер қауым Алматының аса ірі сахнасында алғаш рет зор шоу-бағдарламаға куә болады.