

13 сәуір күні Ayau-дың алғашқы жеке концерті өтеді, онда ол өзінің «AYAULYM» атаулы дебюттік альбомынан әндерін алғаш рет көрермендердің алдында орындайды. Концерт лайв бэндпен және M’Dee-дің қатысуымен өтеді.
Ayau — Қазақстандық әнші және ән авторы, лирикалық соул және R&B жанрларында орындайды. Ayau 2022 жылдың қыркүйегінде «sensiz?» синглімен дебют жасады, бірақ үлкен танымалдылыққа екінші трек «sybyrlaiyn <3» әкелді.
Ал 2023 жылдың қарашасында «AYAULYM» атты дебюттік альбомын жарыққа шығардв. Альбом 10 композициядан тұрады, ал «kel kel :)» әні Қазақстанда үлкен хитке айналды.
Концертте сондай-ақ M’Dee, Rusha, kilemger, Merey, DELIN өнер көрсетеді.