

Red Bull SoundClash – танымал екі орындаушының арасында, бірегей форматта өтетін ғаламат музыкалық сайыс. Өте тартысты төрт кезеңнен тұрады. Командалар сахнаға шығып, өз өнері мен шеберлігін паш етеді, сол арқылы қарсыласын бәсекеге шақырады, әрі көрерменнің көңілін жаулап алуға тырысады.
Ережесі қандай?
Кіріспе: екі топ та өзінің ең әйгілі хиттарын орындайды. Көрерменнің делебесін қоздырып, тартысты шоуды қызыға тамашалайтындай көңіл-күй орнатуға күш салады.
Жеңіпаз көрерменнің реакциясы бойынша анықталады!
Шара туралы ақпарат:
Өтетін күні: 21 қазан
Өтетін орны: Almaty Arena
Басталатын уақыты: 19:00