КОНЦЕРТ0+

Гиорги Гигашвили Алматыда алғаш рет!

Almaty Theatre

Сипаттама

Гиорги Гигашвили Алматыда алғаш рет! 6 ақпан, Almaty Theatre сахнасы.

Гиорги Гигашвили — Еуропадағы ең жарқын жас орындаушылардың бірі. Тбилисидің тумасы, халықаралық байқаулардың лауреаты әрі аты аңызға айналған Марта Аргерихтің шәкірті. Ол Аргерихпен бірнеше рет дуэтте өнер көрсеткен.

Артур Рубинштейн атындағы байқаудың екінші жүлдегері, BBC New Generation Artist бағдарламасының қатысушысы, 2025/26 маусымындағы ECHO Rising Star атағының иегері. Бүгінде ол Вена концертхаусынан бастап Гевандхаусқа дейінгі Еуропаның жетекші оркестрлері мен концерт залдарында өнер көрсетіп жүр.

Бағдарламада — Шопен мен Лист шығармалары.