КОНЦЕРТ•5+

Добрые песни старого кино Астанада

Еркеғали Рахмадиев атындағы филармония концерт залы

Іс-шара басталды

Сипаттама

Tynda Music ұйымдастырған «Добрые песни старого кино» концертінде ностальгия, терең сезім мен аңызға айналған музыка әлеміне қош келдіңіздер!

Бұл концерт - әрбір әуені жылулық пен шынайылыққа толы, дәуірлерді жалғайтын саяхат іспетті. Кеңестік кинотуындылардың уақыт сынынан өткен әуендерінің сүйемелдеуімен біз миллиондаған адамның жүрегінен орын алған оқиғаларды қайта еске аламыз.

Тарихымыздың бір бөлігіне айналған музыкамен сусындап, осы әсерлі сәттерді бізбен бірге бөлісуге шақырамыз.

Ұжым туралы:
Tynda Music - жанды музыка арқылы адамдарға шабыт сыйлап, олардың мәдени әлемін байытатын музыкалық жоба. Жобаның басты мақсаты - жоғары сапалы музыка мен әлемдік деңгейдегі музыканттарды Қазақстан халқына қолжетімді әрі жақын ету.

Қосымша ақпарат:
Концерт ұзақтығы: 90 минут

Назар аударыңыз:
Залға 5 жасқа толмаған балалар кіргізілмейді. 5 жас және одан жоғары жастағы балаларға жеке билет сатып алу қажет.