

Еуропалық арт-хаус кино күні 2026 жылдың 22 қарашасында әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәуелсіз кинотеатрларға қайта оралады.
Бұл күні әлемдегі жүздеген кинотеатр көрермен қауымға есігін айқара ашып, ортақ сенімді мерекелейді: кино – байланыс, диалог және жаңа ашылымдар кеңістігі.
«Целинный» заманауи мәдениет Орталығы еуропалық арт-хаус кино күнін бірге атап өту үшін Еуропа мен әлемнің басқа да елдеріндегі кинотеатрлар қатарына қосылады.
Еуропалық арт-хаус кино еуропалық кинематографтың байлығы мен саналуандығын, сондай-ақ көрерменге таныстыратын кинотеатрларды дәріптейді. Әр жыл сайын әлемдегі жүздеген кинотеатр көрерменді таңдаулы фильмдерді тамашалауға, режиссерлермен кездесуге және сантүрлі елдер мен мәдениеттерді біріктіретін кино көрудің айрықша тәжірибесіне ортақтасуға шақырады.
Арт-хаус кинотеатрлары мәдениетке қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайды. Олар әртүрлі дауыстарға қолдау білдіріп, жас авторларға көмектесіп, кинематографиялық ландшафты байытатын тәуелсіз кинобағдарлама қалыптастырады.