

«Целинный» заманауи мəдениет Орталығы «Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» - Наташа Гинвала кураторлық ететін жəне 2026 жылдың 15 қазанында ашылып, 2027 жылдың 4 сəуіріне дейін жалғасатын ауқымды халықаралық көрме ұсынады.
Халықаралық көрме жобасы Орталық Азия мен əлемнің басқа да аймағындағы 20-ға жуық өнерпаздың басын қосып, зерттеу жəне білім беру бағдарламасымен толыққан жаңа көркемдік жұмыстар ұсынады.
Əртүрлі тіл дəстүрлерінде «Himoya» қорғаныс, пана жəне желеп-жебеу деген мағынаны білдіреді. Көрме аталған түсінікті қайта пайымдап, ата-бабалардың көреген білімі мен даналығына заманауи өнердің маңызды бір бөлігі ретінде мойын бұрады. «Himoya» бүгінде өнердің ана тегі арқылы жалғасын табатын жадпен, анти-империялық миф жасаумен əрі экологияға қамқорлық танытумен қаншалықты байланысты екенін танытады.