ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛІМІ12+

Киноаппарат ұстаған адам

"Целинный" заманауи мәдениет орталығы

Сипаттама

Дзига Вертовтың бұл фильмі - қала фонға емес, монтаж логикасының біртұтас ырғағына жинақталған тірі ағзаға айналатын киноавангардтың негізгі фильмдерінің бірі. 

1928-1929 жылдары Киевте, Мәскеуде және Одессада түсірілген фильм зауыттар мен трамвайлардан бастап, перзентханалар мен демалыс орындарына дейін қамтитын қала өмірінің күнделікті тұрмысының әртүрлі қабаттарын қаузап, кеңестік қалалардың динамикалық картасын жасайды. Аталған қалалардың мыңдаған тұрғыны дәстүрлі мағынадағы актерге емес, үздіксіз қала қозғалысының элементіне айналады. Жұмысшылар, спортшылар, демалушылар, трамвайдағы жолаушылардың бәрі тұтас өмір ағынына біріккен. 

Фильм кинотілдегі радикалды экспериментке айналып, кинематографтың дамуына түбегейлі ықпал етті.