СПЕКТАКЛЬ18+

Түкке тұрғысыз

"Целинный" заманауи мәдениет орталығы

Сипаттама

Аня, «сотқар жасөспірім», ортасымен тіл табыса алмайды: бір шетінен, физикалық кемістігі себеп – ол кекештенеді, ал екінші шетінен, өз мәселесінен басқаға назар аударуға мұршасы келмейтін жақындарының оған мән бермейтіні тағы бар. Оның ашу-ызасынан құтылу мақсатында Аняны ауылға, өгей әкесінің ағайындарына жібереді. Ауылда ол қыздың тағдырына шын жанашырлықпен көңіл бөліп, рухани тұрғыда қайта жаңғыруына ықпал ететін қартты кездестіреді. 

Qyzqaras кураторлығымен Динара Асанованың ретроспективасы аясындағы көрсетілім.