

Koyaanisqatsi - бұл диалог, кейіпкерлер және дәстүрлі баяндау құрылымынан ажыраған иммерсивті визуалды поэма. Картина бізді 80-ші жылдардағы АҚШ-тың сантүрлі түкпіріне жетелеп, заманауи технологиялар мен урбанизация біртіндеп табиғаттың орнын басып, адам мен қоршаған ортаға қалай әсер ететінін көрсетеді.
«ko.yaa.nis.qatsi» хопи үндістерінің тілінде «тепе-теңдіктен тыс өмір», «хаосқа толы өмір», «бөлшектерге бөлінген өмір», немесе «өмір сүрудің жаңа жағдайын жасауды талап ететін өмір күйі» – яғни үндестігін жоғалтқан өмірдің жай-күйі дегенді білдіреді. Филип Гласстың гипноздық музыкасының ырғағымен осынау экзистенциалды әсер Годфри Реджионың фильмінде беріледі.
Бұл өз уақытынан озық болған, культке айналған постмодернистік «қала симфониясы» әсіресе бүгін айрықша өткір естіледі.