МҰРАЖАЙҒА БАРУ0+

«Коллекционер сыйы» фильмінің көрсетілімі

Almaty Museum of Arts

Сипаттама

Бұл  үміт пен тәуекелге толы кезең және ұлттық болмысты іздеу тарихы туралы фильм. Бұл видеода біз меценат, Almaty Museum Of Arts негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың коллекциясындағы Сэрэнджаб Балданоның ең алғашқы ағаш маскасынан бастап, жүздеген үздік туындының басын қосқан ауқымды «Қонақтар» (Qonaqtar) көрмесінің ашылуына дейінгі жолды бірге жүріп өтеміз. 

Сіз бүгінде 700-ден астам жұмысты құрайтын бұл бірегей коллекцияның қалай жиналғанын және қазақстандық шеберлердің кенептері Лондон мен Израильден елге қандай жолдармен қайтарылғанын білесіздер.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға баруға болады.
Мұражайға кіру билет құнына қосылған.

Тиісті құжатты көрсеткен жағдайда келесі топтағылар мұражайға тегін кіре алады:

  • 6 жасқа дейінгі балаларға (қоса алғанда)
  • Мүгедектігі бар жандар мен оларды алып жүрушілер
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ еңбек ардагерлері
  • CIMAM, ICOM және UNESCO мүшелері
  • Мұражай қызметкерлері
  • Тіркеуден өткен журналистер
  • «Достар» бағдарламасының қатысушылары
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен тұлғалар