

Сүйінші! 10 жасқа толмаған балаларға арналған ALMA Storytime деп аталатын кітап оқу және шығармашылық клубын бастағалы отырғанымызды қуана хабарлаймыз! Steppe & World Publishing баспасымен бірге Кристин Циглердің «Өнерге тоймас: Музей аралағыш күйекөбелек» атты кітабын оқимыз. Бұл өзі – бір күні музей аралауға аттанған Йолинде деген көбелек қыздың қызыққа толы оқиғасын баяндайтын, танымдық әрі көңілді кітап.
Кітапты қазақша оқимыз және шағын арт уоркшоп болады.
5 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды күтеміз.
Орын саны шектеулі.
Барлық билеттерге мұражайға кіру билетінің құны қосылған.