

Дәріс барысында біз Билл Виоланың қалайша «видеоарт атасы» атанып кеткенін және оның бейнетехнологияларды адам болмысын тереңінен зерттеуге мүмкіндік беретін құралға қалай айналдырғанын талқылаймыз. Сондай-ақ суретшінің уақытты видео медиумға бағындырып, өз шығармашылығының басты құралдарының біріне айналдырғаны жайлы әңгімелесеміз.
Деректі «Билл Виола: Жүрек көзі» фильмінің көрсетіліміне арналған дәріс тамаша толықтыру болады.
Дәрісті өнертанушы әрі Almaty Museum of Arts көрмелерінің үйлестірушісі Даяна Вафина оқиды.
Дәріс орыс тілінде өтеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға баруға болады.
Мұражайға кіру билет құнына қосылған.