

Біздің өткеніміз келмеске кетті. Бүгінде тірі жүрген ешбір жан австралопитектер мен питекантроптарды өз көзімен көрген емес; алғашқы отты кімнің және қашан жаққанын ешкім нақты білмейді; мұз дәуіріндегі үңгір күмбездердің астында өткен бақсылардың тылсым биіне де ешкім куә болған жоқ.
Олай болса, біз мұның бәрін қайдан білеміз? Тарих шежіресі шынымен де соншалықты кемшін бе? Әлде, керісінше, бәрі әлдеқашан хатқа түсіп қойған ба? Сонда келешек ұрпақ жаңа ештеңе аша алмай, тек шан басқан көне томдарды ақтарумен ғана шектеле ме? Барлық ашылулар жасалып бітті ме?
Станислав Дробышевский - антрополог, биология ғылымдарының кандидаты, ММУ (Мәскеу қ.) биология факультеті антропология кафедрасының доцент, «Дробышевский жобалары» қозғалысының президенті.