Казахстан, 2017
тарихи драма
Тар Заман
2.13
546 Голосов
Тар Заман
Tar Zaman

Производство Казахстан, 2017
Премьера в РК 22-Feb-2018
Продолжительность 102 минуты
Возраст 14+
Индекс фильма Б14

Плати без комиссии

Сюжет фильма

Рулық қоғамнан Ұлттық мемлекет құрамыз деп, өз уақытынан оза шапқан тұлғаларға арналады.
Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өмірінен құрылады. Басты кейіпкердің бірі Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеледі. Оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихқа белгілі тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры көркемдік шешімдермен өріледі.
Алашорда үкіметін құру жолында күрескен Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Садуақасов сынды тұлғалардың да көркем образдары көрініс табады.
Алашорда үкіметін құру барысындағы тартысты пікірлер мен екі топқа бөлінген алаш зиялылары арасындағы саяси қарым-қатынас, сатқындық, мүделлер қақтығысы да көрсетіледі. Омбы мен Семейдегі оқиғалар, Алаш әскерінің құрылуы, Сталиннің Әлиханды Мәскеуге алдыруы, абақтыдағы тергеу істері қамтылады.
Қазақ даласының Ақпан төңкерісін қалай қабылдап, Қазан төңкерісінен кейін неге екіге бөлінгені негізгі оқиғаға арқау болды. Әлиханның алаш жұрты ұстануға тиісті бес ұстанымы төңірегіндегі аманат ойларымен түйінделеді.

Мнения авторов, высказываемые ими в рецензиях к фильму, могут не совпадать с мнением редакции сайта.

  • Молдир, 38 09.04.2018

    Қайырлы күн. Атырау қаласында Тар Заман фильмін кинотеатрлар көрсетпегендіктен сериалын көріп жатырмын. Осы фильм шығарда жанұямызбен өте қуандық " Алаш арыстары турады әйтеуір бір кино шықты"деп. Фильм көңілімізден шықты. Актерлерді сәтті таңдаған. Фильмді қазақпын деген адамдың бәрі көру керек деп есептеймін. Осы фильмді жарыққа шығаруға еңбектенген бар ұжымға көп алғыс.

  • А. Әбдірахманқызы, 19 15.03.2018

    Өте керемет үйретері бар, мәнді де мағыналы фильм. Бір әттеген-айы не үшін бір ғана кинотеатрда және қала шетіндегі кинотеатр. Көрермен саусақпен санарлық болды соған ішім ашыды. Менен ұсыныс Студенттер сарайына 1 рет болсын қойып жіберсе көрермені мол нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет!

  • Үміт, 21 03.03.2018

    Қайырлы күн! Сериалдың ықшамдалған үлгісі екенін түсіндім, толық нұсқасы көпшілік назарына көп ұзамай ұсынылады деген үміттемін. Шығармашылық топқа алғысымды білдіргім келеді. Туынды ерекше әсер етті. Жасымды тыя алмай, кинотеатрдан әрең шыққанымды жасырмаймын( Мен қазақпын деп кеуде соғатын әр адам көруі тиіс деп санаймын! Фильмді тамашалау барысында Күләш апамыздың мына өлең жолдары еріксіз еске түсе берді:
    Сен –қазақсың!
    Бір Алланың құлысың!
    Адамға адам құл болғаны құрысын.
    Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,
    Қалған ұлтсың. Қаһармансың! Ұлысың!

    Сен – қазақсың!
    Отаншылсың, тектісің!
    Айбарлысың, ақылдысың, беттісің!
    Көп болуға, Бір болуға тиіссің,
    Көрмеу үшін жаттың езгі, тепкісін!

    Сен – қазақсың!
    Қазақ едің туғанда!
    Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
    Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
    Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

  • Нұрлан, 30 28.02.2018

    Фильм өте қаты ұнады. Әсерлі. Алаш қайраткерлерінің сол кездегі талпыныстарын, ел үшін, жер үшін өздерін құрбан еткендері әдемі жеткізілген. Дегенмен сол кездегі бүкіл оқиғаны 2 сағатқа сиғызуға тырысқандықтан, фильм үзінділерден тұратындай боп көрінеді. Егер сериал қып түсірсе керемет болар еді. Актерлар да жақсы таңдалған.

  • Аида, 26 26.02.2018

    Прекрасный фильм о нашей с вами истории, которая к сожалению повторяется вновь. Но если вновь в нашей стране будут алашординцы, как в данном фильме, люди готовые умереть за казахскую землю и ее суверенность, то друзья мои, мы снова станем сильным государством, ведь наш прадед это Чингисхан. Возможно среди вас есть следующий АлихаН Бокейханов, который был прямом потомком Чингисхана, и вы также будете ставить интересы нации превыше всего, стремясь к ее величию и образованности.

  • Елдос, 32 25.02.2018

    Өте сапалы, тарихи мәні өте маңызды фильм. Әрбір Қазақстан азаматы көруге тиіс деп ойлаймын. Неге санаулы ғана кинотиатрлар ғана көрсетіп жатқанына таң қаламын. Алматының екін жағына баруға тура келді. Фильмге 10 деген баға беруге болады.

  • Dulatuly, 23 22.02.2018

    Армысыздар, қадірлі Алаш жұрты! Бұл фильмнің алдын ала көрсетілімінде болып, содан алған әсеріммен бөліскелі отырмын. "Тар заман" - отандық тарихи фильмдердің ішінен өзінің орнын ойып тұрып алатын таңдаулы туынды, актерлер сәтті таңдалған, оқиға желісі бірінші көріністен соңына дейін еліміздің тарихындағы күрделі оқиғаларды көрсете отырып, кісінің көңілін баурап алады. Қазақпын, Алаштың ұрпағымын деп өзін есептейтін күллі қазақ баласына ата-бабаларымызға арналған көркем дүниені көруге кеңес беремін!

Режиссёр
Мұрат Бидосов
В ролях
Балтабай Сейтмамыт
Дулыға Ақмолда
Жалғас Толғанбай
Тұрсын Құралиев
Медғат Өмірәлиев
Кенен Ақүрпеков
Мәмбет Қожалиев
Олжас Абай
Наргиз Алтайбай
Ұлан Болатбек
Жұлдызбек Жұманбай
Дархан Сүлейменов




Мобильные приложения
Нас считают
Яндекс.Метрика